Лесбек Сәдібеков
Алғаш рет Нұрлыбек Жеңісбектің әні мен сөзіне жазылған «Арман күндер» атты әніне түсірілген бейнеклиппен танылған болатын. Жақында әншінің орындауындағы «Еркем» атты әніне бейне-баян түсірілді. Әнін Марат Маликов, ал сөзін Бақытжан Ауданбаев жазған. Қазір Лесбек Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжінде білім алуда. Әнші жақында ұйымдастырған гала концертте «Қазақ эстрадасының ең кішкентай ханзадасы» атағын иемденді. «Ханзадаға» арнайы жасалған алтын жалатылған тәжді МұзАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев тақты.