ҚЫЗЫЛОРДА

23bet_f21

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгерді. (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабы

ның әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған-қамал ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы  В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады. 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды.

23bet_f33Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда деген ат беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты қазақтың белгілі тұлғалары осында бас қосты. М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды.

Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағын аудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпалы тие бас-тады. 23bet_f14Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлердің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы.

Қызылорда қаласы Ақмешiт атауымен – 44 жыл,
Перовск деген атаумен – 64 жыл, ал Қызылорда деген атаумен – 85 жыл аталып келе жатыр екен.
«МБ»-ақпарат.

ПІКІР ЖАЗУ