Қызықты көкөтем

«Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтан оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді» деген сарында басталатын. Одан бері талай көктем келді, кетті. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе, оның қызығы, мына көктем алды мезгіл. Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Бір-бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған балаларды есіме салады менің. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі. Ақыры соңында қыс шаршап тынады да, ал көктем жадырап келеді. Бұл мереке қазақ елінің жаңа жылы болып саналады. Сондай-ақ, тағы бір айтарлық мереке ол АНАЛАР мерекесі.

 

Биылғы көктем ерке көрінді маған. Сыңғырлаған күлкісін,жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке қызды еске салды. Жүректі қобалжытады, бірақ сонымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалады биыл. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерісті, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді. Ендеше әр біріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз!
Көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенің осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке бірлік, тыныштық әкелсін! Бір жылда төрт мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің өз ерекшеліктері бар. Себебі, біз күн жылысымен мектеп ауласын тазалап, бүкіл қалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауылымызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. Өз үйімнің ауласын көгалдандыру үшін алма ағашын былтыр егіп едім. Биылғы көктемде ол жеміс ағашым көктеп, бүршік атты.Тазалық денсаулық кепілі, деп қазақ атам тегін айтпаған. Сол себепті мен осы жыл мезгілін ұнатамын. Өзім еккен ағашты түбін қопысытып, күніге түбіне су құйып отырамын. Келесі ол жеміс ағашынан отбасымызбен жемісін күтудеміз.

Иемберген Хастер, оқушы
Жетекшісі: Папиева Нұргүл

ПІКІР ЖАЗУ