Қырыңда жүрсем…
Гүлденген туып өскен туған жерім,
Теңіздей шалқып жатыр өзен, көлің.
Өзіңнің сұлу, кербез келбетіңді,
Құштарлығым артады көрсем менің.
Бір өзіңнің саяңда сейіл құрып,
Қырыңда жүрсем деймін ойнап-күліп.
Өзіңнен алысырақ кетсем де мен,
Өмір бойы өтемін сені сүйіп.
Айнұр
БАЯУОВА.
Тараз қаласы.