Құмшекерлі печенье

Құрамы: ұн – 2,5 стақан, кілегей майы – 200 гр., қант – 1 стақан,– 10 гр., жұмыртқа – 1 дана.
Шоколадты глазурьды дайындау үшін бізге ақ шоколад – 180 гр. және кілегей май – 50 гр. керек.
Дайындау тәсілі: Жұмыртқаға қантты қосып, араластырамыз. Бөлме температурасындағы кілегей майын қосып, әбден езіп, жақсылап араластырамыз. Ұн мен қамырдың қопсытқышын қосамыз. Қамырды біріктіріп илейміз. Қалыңдығы 1 см болу керек. Стақанмен дөңгелектерді кесеміз. 180 градуста қыздырылған пешке салып, 10-12 минут пісіреміз. Глазурьды дайындаймыз. Қысқа толқынды пеште шоколадты ерітеміз. Ыстық шоколадқа майды қосып, аралыстырамыз. Глазурь дайын. Суып қалған печеньеге глазурьды төгеміз. Глазурь қатып қалғанда печенье дайын!

Асыңыз дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ