Күйшілердің ізін жалғап

Құрметті біздің сүйікті журналымыз «Мөлдір бұлақ»! Сіздерге жақын досым Армия Нұрсұлтан есімді күйші бала туралы айтқым келеді. 6 жасынан бастап домбыраны қолына алған Нұрсұлтан қазір Алматы қаласындағы № 76 мектептің 4-сыныбында оқиды. Күй өнерінен алғашқы жеті жасында «Жас талант» атты байқауға қатысып, ІІІ-орын иеленген. Содан бері Халықаралық «Ақ көгершін» фести-
валінде арнайы жүлдеге ие болса, былтырғы жылы Латиф Хамиди атындағы байқаудың бас жүлдесін алып, бәрімізді қуантты. Сонымен қатар кеше ғана өткен Наурыз мерекесіне орай республикалық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды. Және осы байқауда Т.Момбековтың «Салтанат» күйін шебер орындағаны үшін арнайы сыйлыққа ие болып, алдағы үлкен байқауға қатысуға жолдама алды.
Нұрсұлтан қазір ұстазымыз Қадылбекова Айгүл апайымыздан үйренген он үш күйді шебер орындайды. Бізге үйретуші апайымыз атақты Б.Ысқақов, Т.Мерғалиев сынды танымал күйшілерден сабақ алған шебер оқытушы. Болашақта қазақтың күйін әлемге танытып, Қазақстанның мақтанышы болуды армандаймыз!
Темірлан НҰРҒАЛИ,
№ 83 мектеп-гимназияның сынып оқушысы.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ