Комета мен метеориттер

Жерден Галлей кометасы 77 жылда бір Күннің қасынан ұшып өткен сәтте көрінеді, бірақ жиірек көруге болатын кометалар бар. Энке кометасы әр үш жыл сайын, Григга-Шьеллерупа кометасы төрт жыл сайын кері оралады. Хэйл-Бопп кометасын екі астронавт 1995 жылы бір түнде көргендіктен, олардың екеуінің де есімімен аталған. 1908 жылы
метеорит пе, кометаның фрагменті ме, әйтеуір үлкен бір нәрсе Жер атмосферасына соғылады. Ол Ресейдің Сібір ауданында жерге соғылардан бұрын жарылған. Жарылыс жүздеген шақырымнан естілді, сол ауданның маңайындағы қалың орман ағаштары құлады. 1920 жылы табылған Хоба метеориті бақандай бір футбол командасы сиып кететіндей үлкен. Салмағы 44 кг кішкентай метеорит 1965 жылы Англиядағы Лейсестерширде жерге құлады.

ПІКІР ЖАЗУ