Ќолыма ќалам алып…
Көкем,ағам үшеумііз түйелерге арнап қора жасадық. Ол үшін алдымен кесілген тақтайларды тасыдық.Қораның сынық тақтайларын алып, орнына жаңасын шегелеп қақтық. Кейбіреулерінің артына темір салып, шипр қойып, арқанмен мықтап байладық. Келесі күні ағаларым Нұрлыбек, Тұрлыбекпен бірге қой-ешкілерді төлдерімен қоса өріске шығарып, таңертеңнен кешке дейін кезектесіп бақтық.Бізге көкем, ағам Бейбіт те көмектесті. Көкем үйге кеткенде, үшеуміз бір отар қойға ие болып, жайдық. Осы кезде бұта түбінде төрт қозы, екі лақ жатып қалыпты. Бұны ағам Бейбіт біліп, іздедік. Тұрлыбек қозы-лақтарды шамалы-дан кейін байқап, тауып алдық.
Тұмақ ОЛЖАБЕК,
Абай орта мектебі,
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы.