Қол сағат

Сағат – тәуліктiң ағымдағы уақытты анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал. Қол сағаттың шығу тарихы 1809 жылды қамтиды. Бірінші шыққан сағаттардың механизмін енгізу үшін ешқандай кілт орнатылмаған. Оны 1820 жылы ағылшын Т. Прасту енгізсе, щвейцарлық А.Филипп сағат тілдерін ойлап тапқан. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қол сағаттарын халық сән үшін пайдаланған, себебі нақты уақытты анықтай алмаған. Кейін, Англия елінде механизмді сенімді үйренген соң, қол сағаттың уақытын дұрыстай білді. Соғыс кездерінде қол сағат әскери қызметкерлер үшін үлкен сұранысқа ие болған. Уақыт өте көпшілік қауымға таратыла бастады. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады. Яғни, уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты. Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық белгілерді санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. Ал, тіпті кейбір сағаттар жыл, ай, және аптаның қай күнін де көрсете алады.

ПІКІР ЖАЗУ