«Көктем аруы — 2024» байқауы

«Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала»

Бернияз Күлеев

 

Қазақ қыз баланы тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, жарық дүниедегі әдемілік пен сұлулықтың белгісі деп бағалаған. Сондықтан, қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тәрбиелі, білімді қыз – қоғамымыздың баға жетпес байлығы. «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай Жайсаң орта мектебінің 4 «Ә» сыныбында «Көктем аруы — 2024» атты байқау өткізілді. Мақсаты:  Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттеріне тәрбиелей отырып, олардың бойында  қарапайымдылық, әдемілік, өнерге деген қызығушылық сынды қабілеттерін жетілдіру.

Аталған байқауда  директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары С.С.Умбетова, «Бастауыш» бірлестік жетекшісі Р.Д.Есполова және мектеп психологы Г.Ә.Диханбаева төрелік етті. Жүргізуші тізгінін Октябрят Ернар мен Кеулімжай Ертөре ұстады. Байқауда 5 ару бақ сынады. Олар: Абдихадирова Амина, Әділбек Нұрила, Жұмағұл Райана, Қойшыбай Аяжан, Мейрбай Кәусар. Байқау барысында қыздар өзін-өзі таныстырып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін көрсетіп, ән айтып, би белеп, түрлі тағамдардың жасалу жолдарын түсіндіріп, қалдық заттарға екінші өмір сыйлау мақсатында сән үлгісін көрсетті. Байқаудың әр кезеңінде талантты қыздарымыз өздерінің белсенділіктері мен тапқырлықтарын  көрсете білді.

Қазылар алқасы бірінен-бірі өткен ақылына көркі сай сұлу қыздардың өнерлеріне дән  риза болып, байқаудың қорытындысын шығарды. Нәтижесінде «Бас жүлдеге» Абдихадирова Амина Абдикеримқызы ие болды. Байқауға қатысқан мұғалімдер мен ата-аналар өткізілген іс-шараға көңілдері толып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Мадина Алдабергенқызы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң ауылы, Жайсаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ПІКІР ЖАЗУ