Əкенің көңілі — балада
Менсінбеді ақылды,
Есіл-дерті қалада.
Езіліп жүрек-бауыры
Егілер əке балаға.
Əкенің көңілі — балада,
Баланың көңілі далада.
Əкесі түсті əуреге,
Үйі мен сатты малын да.
Қалаға тартты амалсыз
Қоштасты жекжат ауылда.
Тірнектеп жиған байлығы
Болды да қойды шайлығы.
Арманның отын жаға алмай,
Баспана сатып ала алмай,
Сорлы əке батты уайымға.
Əкенің көңілі — балада,
Баланың көңілі далада.
Жұмысқа мойны жар бермей,
Қалаған қызы «пар келмей»,
Жағалап түнгі клубты,
Сор ұнтақ сорып, шіреніп,
Келеңсіз іске күреліп,
Шығарып қырыс қылықты,
Қутыңдап жігіт былықты.
Полиция қолын кісендеп,
Қамауға ап, салды құлыпты.
Əкенің көңілі — балада,
Баланың көңілі далада.
Жақсылық кірмес санаға
Осындай қылық оңа ма?..
Мыңбай РƏШ.