Кел, балалар, оқылық!

9bet_f42Ұлы  ағартушы-педагог, ғалым, жазушы Ыбырай  Алтынсарин есімі бүгінде кез келген баланың жадында десек, артық айтқандық емес.  Ғалымның өлеңдері шәкірттердің жадында жатталып қалған.
Биыл ағартушының  туғанына 170 жылдық  мерейтойына орай Шымкент қаласындағы № 67 мектепте «Ұлы дала ұстазы» атты әдеби- шығармашылық кеш өтті. Кешті 5- сынып жетекшісі Гүлнар Айтинбетова ұйымдастырды. Кеш үш бөлімнен тұрады. «Жарқын  ғұмыр» — оқушылар ұлы тұлғаның  қызметі мен шығармашылығын интерактивті тақта арқылы слайд түрінде көрсете білді. «Ыбырай— балалар әдебиетінің атасы» деп аталатын бөлімде педагог-тың  аудармашылық, жазушылық, ақындық  өмірі жайында шағын сахналық  көріністер қойылып, өлеңдерін жатқа айтып шықты. «Ыбырай армандаған жастар» бөлімінде мектеп оқушылары болашақ жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, бойындағы таланты мен өнерін ортаға салды.

ПІКІР ЖАЗУ