Қазан шұңқырлар
(Cоңы. Басы өткен санда.)
4. Белиздегі “Алып көк шұңқыр”.
/Great Blue Hole Belize/
Белиздегі табиғаттың ерекше кереметі саналатын “Алып көк” атты қазан сияқты шұңқыр Белизден 60 шақырым алыста орналасқан. Дүниежүзінде осы тəріздес табиғи көк шұңқырлар көп болса да “Алып көк” сияқты таңғажайып алыбы жоқ екен.
5. Сібірдегі (Ресей)
Мирный алмаз шахтасы.
/Mirny Diamond Mine Siberia, Russia/
Мирныйде алмаз өндіруден қалған бұл шұңқырды түпсіз-тұңғиық десе де болады. Шахтаның тереңдігі 525 метр, диаметрі 1200 метр. Тұңғиық үстінен əуе жолы қатынасы жоқ. Яғни, ұшақтар шахтадан жүздеген метр биіктікте ұшқанына қарамастан, онда тартылу күші өте қатты болғаны анықталған. Тартыс күшінің мықтылығы сондай, шұңқырға бірнеше ұшақ құлап түскен.
6. Канаданың Диавин шахтасы.
/ Divark Mine Canada /
Канада мемлекетіндегі бұл шахта өзгелерге қарағанда ерекше. Аумағы үлкен жəне жан-жағы тегіс болғандықтан, «Boing-737» ұшағы қонатындай əуежай орны бар. Жан-жағын су қоршап жатыр. Қыста су мұз қатқанда, мұзы білінбей, су тəрізді мөлдіреп тұра береді екен.
7. Гватемаладағы Синкхол.
/ Sinkhole in Guatemola/
Түріне қарасақ, тура үрейің ұшып, өзің түсіп кетердей күйде боласың. Синкхол – алып шұңқыры жайлы жақында ғана айтыла бастаған. Шұңқырдың пайда болу тарихы жайында əзірге мəлімет жоқ. Жағасында су деңгейі көтерілгенде, жақын орналасқан елдімекенді тасқын су басқанда, 12 үй тұтасымен осы үңгірге түсіп кеткен.
Дайындаған: Əбілбек АМАНГЕЛДІ.