Қазан шұңқырлар

15bet_f122Қадірлі оқырман! Әлемде біз білмейтін кереметтер өте көп. Жақында, өзіме қажетті деректер іздеп отырып, жер қойнауында жазылмаған жарадай болған әлемдегі ең үлкен жеті алып шұңқыр жайлы оқып білдім. Бұл шұңқырлар – шет елде. Біздің жерімізде Семей полигоны осындай болған шығар дегенде, жүрегім ауырды. Бір жақсысы, полигон жабылды. Бірақ. Орны қалды. Қаншама балаларды айықтырмас дертке шалдырды. Енді Алладан мұндай жарылыстар елімізде қайталанбасын деп тілеймін. Сендерге адамның атақ абырой, ақша-дәулет үшін Жер-ананы қалай қорлағанының дәлелі болатын жер қойнауында қара дақтай жазылмас жара болған әлемдегі ең үлкен жеті шұңқырды айтып отырмын. Сендер көріп отырған осы орасан зор қазан бейнесіндегі шұңқырлар өте керемет болғанымен, кейбірі өте қорқынышты көрінеді. Енді азаматтың дүниеге қызығушылығынан жер ананың байлығын қалай тонағанын жазылмас терең жараны қалай салғанын төмендегі 7 мысал арқылы көрсетіп, ой салайық деп едік.

15bet_f121. Оңтүстік Африкандағы Кимберли алып шұңқыры /Kimberlly big hole south Africa (Кимберли Большая дыра — Южная Африка)/ Оңтүстік Африканың «Кимберли» деген қазан сияқты орасан зор шұңқыры. Бұл адамзат қолымен жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен шұңқырлардың біреуі. 1097 метр тереңдікте. Бұл шахта 1994 жылы жабылған. Жабылуынан бұрын бұл шахтадан 3 тоннадай алмаз өндіріп алыпты.

15bet_f22. Калифорния , Монтиселло, Глори Хол / Глори Хол — Калифорния Монтиселло Дэм (Glory Holе — Monticello Dam, California) / Калифорнияның Монтиселло өлкесіне орна-ласқан «Глори Хол». Глори деп аталатын осы қазан тәріздес шұңқырды теңіз деңгейі көтеріп, су апаты қаупі төнген кезде су деңгейін төмендету үшін пайдаланады. Монтиселло су бөгетінің жанында орналасқан «Глори Хол» су тарту мақсатымен адам қолынан жасалған әлемнің ең үлкен шұңқырларының бірі. Бұған секундына 14,400 куб.м. көлем суды құюға болады.

15bet_f33. Юта штаты, Бинхам Канион шахтасы / Бингам Canyon Mine, штат Юта (Bingham Canyon Mine Utan)/ Юта штаты, Бинхам Канион шахтасы. Қазіргі жағдаймен бұл шахта жұмысынан пайда болған әлемнің ең үлкен шұңқыры. Қазу жұмысы 1863 жылдан бастап қазірге дейін жалғасуда. Сондықтан тереңдігі үнемі өсуде. Ең соңғы рет өлшегенде оның тереңдігі 1 км. Ені 2,5 км. өлшемді көрсеткен. Дайындаған: Әбілбек АМАНГЕЛДІ. (Жалғасы бар).

ПІКІР ЖАЗУ