«Қазақстан мұғалімі – 2024» байқауы
Жуырда Астанада Назарбаев Университетінің сахнасындаШара Nobel Fest & Teacher Summit білім беру форумы аясында болды. «Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсіміне әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер мен ғалымдар, сарапшылар қатысты.
Бұл Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауының қазақстандық кезеңі болып саналады. Онда бір миллион АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлде білім саласына үлес қосқаны үшін әлемнің үздік мұғалімдеріне беріледі.
Байқау аясында «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері анықталып, еліміздің он үздік ұстазы анықталды. Бұл байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейге көрсету.
2024 жылғы сыйлықтың финалистері
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусова сыйлықтың басты жеңімпазы және «Қазақстан мұғалімі 2024» атағының иегері атанды. Ол Freedom Bank -тен Freedom* инвестициялық валютасында 10 млн теңге және естелік сый ретінде мүсінше алды. Оған сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы халықаралық бағытқа екі бизнес-класс билет берді. Татьяна Белоусова 40 жылдан астам өмірін өз мамандығына арнады. Ол жоғары санатты мұғалім, химия оқулығының авторы, сонымен қатар ҰБТ-ға тест құрастырушылардың бірі. Оның түлектері жоғары оқу орындарында тегін білім алып, түрлі салада үздік маман атанған жүздеген табысты студенті бар. Татьяна Белоусова ұстаздық қызметпен қатар Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға белсене қатысады. Оның сабақтары мен әдістері классикалық тәсілдермен қатар оқытуды тиімді ететін заманауи технологияларды да қамтиды. Мысалы ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушылары үшін тегін бейне сабақтарды жазып алатын MEKTEP OnLine жобасының мүшесі.
Татьяна ұстаздық жолын колледжден кейін мектепке жұмысқа орналасқан кезде кездейсоқ бастағанын айтады. Бірақ ол оқушылардың өмірінде мұғалімнің рөлі қандай екенін сонда ғана түсінген. «Бірде мен сабақ түсіндірген бала, алты айдан кейін екілік бағаның орнына төрт деген бағаға оқып жүргенін айтты. Сол кезде мұғалімнің жұмысы қандай тамаша деп ойладым», – дейді ол. Сонымен қатар бүгінде Татьяна өзі де оқып жатыр — ол шетелдік университеттердің біріне докторантураға түсті. Қалған тоғыз финалистке Freedom* инвестициялық валютасында 1 млн теңге және 2025 жылғы халықаралық Global Teacher Prize Қазақстанды ұсыну құқығына ие болды. Олардың ішінде: Александр Шерцер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика мұғалімі, Қостанай қ. Мирлан Джусамбаев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика мұғалімі, Тараз қаласы. Еркін Тобылбаев, тарих пәнінің мұғалімі, IT-мектеп-лицейі. Әбіша Кекілбаева №72, Ақтөбе қаласы. Гүлзат Шынтасова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы. Салтанат Садықова, №7 орта мектеп, математика және информатика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы. Бақытәлі Дәулешяр, Алматы облысы, Қарғалы ауылы, Әсет Бейсеуов атындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі. Дарья Чижевская, Алматы, Tamos Education мектебінің физика мұғалімі. Нұржан Байсақов, Экономикалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Астана қаласы. Октябрьина Жүніс, №71 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, Астана қаласы. Марапаттың өзге де қатысушыларының әңгімелері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Мәселен Қарғалы ауылы физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Дәулешяр білім беретін TikTok арнасы арқылы білімін бөліседі. Ол өз тәжірибелерінің шалғай аймақтардан келген студенттерге қалай көмектесетінін айтты. «Ауылдық жерлерде көптеген балалар қаражаттың жоқтығынан эксперимент жасай алмайды. Мен оларға үйренсін деп онлайн көрсетемін», — деп атап өтті ол.
Мұғалім үшін байқаудағы ең қиын кезең эссе жазу болды, бірақ ол оны әріптестері мен шәкірттерінің қолдауының арқасында орындады. Бақытәлі байқаудың әлемдік сатысында миллион доллар ұтып алса, оны қазақ мұғалімдерін даярлауға жұмсайтынын айтады. «Мен бұл ақшаны мұғалімдердің дамуына салар едім. Өйткені балалардың қандай білім алатыны мұғалімдерге байланысты», — деп түсіндірді ол.
Биылғы байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысып, олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды. Олардың қатарында елордалық екі ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Октябрина Жунис және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков. Үздік он ұстаздың қатарына кірген елордалық екі ұстаздың әрқайсысына 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.
Әділет Қабиденұлы