Қазақ тілінде қанша сөз бар?
Әлемдік тілдер сөздік қоры бойынша төмендегідей орынға жайғасқан:
Араб тілінің сөздік қоры – 12 млн 300 мың сөз.
Ағылшын тілі – 750 мың сөз.
Испан тілі – 300 мың сөз.
Орыс тілі – 150 мың сөз.
Қытай тілі – 87019 иероглиф
Француз тілі – 60 мың сөз.
АЛ ТУҒАН ТІЛІМІЗ ҚАЗАҚ ТІЛіНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ 600 МЫҢ СӨЗГЕ ЖУЫҚТАЙДЫ. ДЕМЕК БІЗ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕРДІҢ СӨЗДІК ҚОРЫ БОЙЫНША АЛДАҒЫ ҮШТІККЕ КІРЕМІЗ.
Қытай тілі
Қытай жазуы иероглифтерге негізделген. Оның жалпы саны 80 мыңнан асады. 500 иероглифті білген адам қазіргі қытай тілінің 80%-ын түсіне алады екен. 1000-2400 иероглифті білу – қытай тіліндегі мәтіндерді меңгеруге көмектессе, көркем әдебиет пен ғылыми тілді білу үшін 3000-нан аса иероглифті тану қажет. Қытай тілі – әлемдегі жабық тіл. Ол тілде ешбір кірме сөз элементтері қолданылмайды.
Араб тілі
Араб тілі — семит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Түркия, Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің де мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілінде 28 дыбыс бар. Оның 4-і дауысты: а, е, и, у. Бұл дауыстылар өз ішінде ұзын дауысты және қысқа дауысты болып бөлінеді.
Испан тілі
Испан тілі – роман тілдерінің бірі. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады. Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар. Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады. Испан тілінде дүние жүзі бойынша 250 млн. адам сөйлейді
Француз тілі
Француз тілі – халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО секілді ұйымдардың елшілік және жұмыс тілдерінің бірі болып табылады. Француз тілі франс, пуатевин, норманд, пикард, валлон, лотаринг, бургунд деп аталатын негізгі жеті диалектіге бөлінеді. Әдеби тілінің негізі — франс, яғни париж диалектісі. Француз тілінде 15 дауысты және 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі родқа (ер, әйел) ажыратылады. Сөздік құрамында испан, итальян, ағылшын тілдерінен ауысқан сөздер көптеп кездеседі. Латын әліпбиіне негізделген Француз тілі жазуында диакритик ноқаттар жиі қолданылады. Бір ғана дыбысты анықтайтын (аі — е; еаu — о) әріп тіркестері де кездеседі.
Дайындаған — Г.Еркінбек
Лохтар сендердыкы дурыс емес
Керемет ақпарат