“Қазақ тілі ана тілімдей”

Қазақстан тәуелсіздігін алып, азат ел болған соң тіл үйренуге, білімімді тереңдетуге Алматыға келіп, қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ филологиясы факультетінде оқыдым. Қазақ тілін үйренуге зор ықыласпен ден қойдым. Бүгінде қазақ тілін өз ана тілімдей білемін. Одан басқа қырғыз, ұйғыр, татар, саха, алтай, моңғол тілдерін, ағылшын, орыс,  жалпы айтқанда, 20-дан астам тілде сөйлеп, өз ойымды еркін білдіре аламын. Осы тілдердегі кітаптарды да оқи беремін. Тілдерді жақсы білудің арқасында жүрген жерлерімде айрықша құрмет көріп жүргенімді де жасырмаймын. «Қанша халықтың тілін білсең, сонша адамсың» деген халық тәмсілінің рас екеніне көзім жетті. Журнал оқырмандарының өз ана тілдерінде сөйлеп, асыл қазыналарын қастерлей білулеріне тілектеспін. Қазақ тілі әлемдегі сөздік қоры бай тілдердің қатарында.

ПІКІР ЖАЗУ