Қауіпсіздік ережесін сақта!
Асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Балалар, ата-анасымен де, құрбыларымен де демалыс орындарына жол тартады. Басқа қалаға барып, бөтен адамдармен танысып, тіпті жаңа достар табады. Сонымен қоса, барған жерімізден түрлі тағамдармен тамақтанамыз. Әдемі жерлерді көруге саяхатқа шығамыз. Міне, осының бәрін жоспарламастан бұрын әрбір бүлдіршін қауіпсіздік ережелері өмір бойы жадымызда жүруі міндетті.
Жол жүру ережесі
Жолда жүру ережесін сақтау – баршамыздың міндетіміз. Балалар, сендер қайда жүрсеңдер де, тәртіп бұзбауға тырысыңдар. Әсіресе, жол
жүру ережесін бір сәтке естен шығармау-ларың қажет. Жол ережелерін білмеулерің түрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естеріңе салып отырмыз.
! Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап отырыңдар;
! Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;
! Велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде аса ұқыпты және сақ болыңдар;
! Көшеде бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;
! Көшеден өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш сызығынан кейін оңға қараңдар;
! Егер жолдан өтуге үлгермесең, бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;
! Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;
! Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр;
! Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнамаңдар.
Ата-анаңсыз шомылма
Денсаулығың үшін су жағасында жақсы демалуға, суда өзін-өзі ұстау, жүзу ережесін орындау және жақсы білу керек.
Әсіресе, шомылуға арналған орындардың ішкі ережесімен алдын-ала танысып барып суға түсу керек. Саяхатта суға шомылу үшін суы таза, түбі құмды немесе қиыршық тасты, терең емес, ағысы қатты емес орынды таңдап алу керек.
! Балдырлары бар шалшық-ты суға түсуге болмайды;
! Белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, су түбінде суға батқан бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
! Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге болмайды;
! Қайықтарға жабысуға, өтіп бара жатқан кемелерге қарай жүзуге су жолы белгілерінен шығып кетуге болмайды;
! Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек;
! Көмекке шақырудан ешқашан ұялма;
! Жалған айқай, қатер белгісін беруге болмайды.
Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Беті ашық тамаққа жолама
Бірінші байлық – денсаулық демей ме!? Денсаулықтың жақсы болуы күнделікті тағамды дұрыс және уақытында, мөлшерімен тамақтанумен тікелей байланысты. Жазғы демалыс уақытында алыста жүріп, үйдің тамағын сағынып, сырттан тамақтанар болсаң өте мұқият бол және төмендегі ережелерді есіңе сақта. Мүмкін болса, өзің жақсы білмейтін тамақтану орындарынан ас ішпе. Әсіресе, көшеде, ыстық аптапта сатылатын беті ашық тағамдарды алма. Ол – денсаулығыңа қауіпті.
! Су – адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен 2-2,5л су ішуі қажет.
! Дәрумендер – ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
Улы жәндіктер шақса…
Табиғат аясына шығарда, денені жауып тұратын киім киген абзал. Улы жәндіктер тістеп алса, көбіне терінің ісініп, басылуымен шектеледі. Маса асқазан ауруларын таратушы, сондықтан, масаның тамаққа қонбауын қадағала. Ал аса улы жәндіктердің шағуы орны толмас өкінішті жағдайларға әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан, демалысқа табиғат аясына бара жатқанда, мына кеңестерді жадыңда жаттай жүр.
! Шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүру қауіпті;
! Ұзын шашты қалпақтың астына жасырып не мүлдем жинап түйіп тастаған дұрыс, себебі, шашқа қонған жәндіктер денсаулығыңа әлдебір зақым келтіруі мүмкін;
! Табиғат аясында тамақ ішіп болған соң, дереу орнын тып-типыл жинап, қораптарға буып түйіп тастаған дұрыс. Ал тамақ пісіріп жатқанда, қазанның қақпағын мұқият тығыздап жабу керек;
! Жәндіктерден сақтандыратын қорғағыш құралдар алып шық;
! Кене сияқты жәндіктер шағып алса, ауырған жерді сабындап жуып, скипидар тамыз. Ара немесе сона шақса, ол жерге вазелин жағып қой;
! Қолыңда скипидар не вазелин жоқ болса, пияз бен сарымсақ сөлімен сүртсең де болады.
! Шаққан жерді қасымауға тырыс. Тырнағыңмен шағылған жерді ушықтырып аласың;
! Ара шағып алса, ауырған жерге мұздай зат қойып, димедролдың бір таблеткасын ішіп ал;
! Ал егер жағдайың сәт сайын нашарлап бара жатса, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгенің жөн.
Жыланнан сақтан
Жыландар шағатын ең қауіпті уақыт – көктем мен жаз. Улы емес жылан шаққаннан кейін өркешті жара, ал улы жыланнан кейін, екі домалақ жара пайда болады. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады. Бірнеше минуттан кейін науқастың басы айналады, журегі айнып құсады, көздің көру қабілеті төмендейді. Жылан уы әсерінің барлық белгілері орташа он екі сағаттан кейін, кейде тәуліктен кейін анық байқалады. Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктестерінің бірі жасай алады. Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін. Жылан уының сау ауыз қуысының шырыштық қабатына, тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз. Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға бастайды. Науқас көп мөлшерде сұйықтық қабылдау қажет. Жылан шаққан-
нан кейін қозғалуға болмайды, өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қимылсыз жатуы тиіс. Егер аяқ зақымданған жағдайда,оны сау аяқпен бірге қатты таңып тастау қажет. Ал егер қол зақымданғанда оны бүгілген қол астындағы бар маталармен орап тастау керек. Жылан шаққан жерді кез-келген сұйықтықпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт,1% калии марганец).Сонан кейін жарақат алған орнына суық басу керек. Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге, жгут салуға болмайды – бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.