Қаржы әлемі балалар көзімен

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінде «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында керемет шара өтті. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Қаржы әлемі балалар көзімен» суреттер көрмесіне оқушылар қуана қатысты. Оқушылар қаржы әлемін қалай түсінетіндерін сурет салу арқылы көрсетті. Оқушылардың басым бөлігі қаржыны валютамен қабылдайтындығын байқатты. Сонымен қатар қаржыны отбасылық бюджетпен есептелу қажеттігін түсінетін, қаржыны демалумен сәйкестендіретін оқушылардың көз қарастары байқалды. Кейбір оқушылардың қаржылы сауатты екендігі сурет көрмесінің «Әмиян», «Қаржы гүліне су құю», «Кіріс және шығыс», «Отбасы бюджеті» суреттерінен байқауға болады.

Әділет Қабиденұлы,
Мөлдір бұлақ

ПІКІР ЖАЗУ