Қарт Еуропа
Қазіргі таңда біз «батыс» деп атайтын дүние бөлігі семит тілінің «эреб» сөзінен шыққан екен. Еуропа — Азиямен бірге Еуразия материгін құрайтын әлем бөлшегі. Ендеше ол туралы бірнеше қызықты ақпараттарды біліп жүрейік:
Диснейленд.Еуропадағы ең көп барылатын жер – Париж Диснейленді.1992 жылы ашылған ойын-сауық паркін жылына орташа 12 миллионнан астам адам барады екен.
Жерге ұмтылған мұнара. Италияның Пиза қаласындағы Пизан мұнарасын тұрғызу үшін 200 жыл кеткен. 6 қабаттан тұратын мұнараны салу барысында инженерлік қателік кеткен. 1173 жылдан бастап «құлағалы тұрған» мұнараға жер сілкінісі болған жағдайда үлкен қауіп төніп тұр.
Гренладия — ең үлкен арал, ал оның ауданы 2 130 800 шаршы километрді құрайды.Аралдың біраз жері (85%) мұз астында жатыр, сол себепті оның қазба байлықтары толыққанды зерттелмеген. Атақты «Титаник» кемесі осы Гренландиядан шыққан айсбергке соқтығысып суға батқан.Қазіргі таңда Дания елі аралдың қазба байлықтарына бақылау орнатқан.Сол себепті Гренландияны «мәңгі жасыл ел» деп атаған.
Ортақ елдер. Тек қана 3 ел: Ресей, Қазақстан және Түркия жерлерінің аумақтары Еуропада да, Азияда да орын алады екен. Біздің еліміздің аз да болсын бөлігі Еуропа аумағына кіреді.
Біле жүр!
Еуропадағы кейбір мемлекеттер мен астаналары:
Испания (астанасы – Мадрид)
Австрия (астанасы – Вена)
Грекия (астанасы – Афина)
Венгрия (астанасы –Будапешт)
Финляндия (астанасы – Хельсинки)
Польша (астанасы – Варшава)
Германия (астанасы – Берлин)
Болгария (астанасы – София)
Ұлыбритания (астанасы – Лондон)
Португалия (астанасы – Лиссабон)
Норвегия (астанасы – Осло)
Швеция (астанасы – Стокгольм)
Чехия (астанасы – Прага)
Италия (астанасы – Рим)
Исландия (астанасы – Рейкьявик)
Румыния (астанасы – Бухарест)
Бетті даярлаған – Аружан Қамшыгер.