«Қарбыз» салаты

Құрамы:
Тауық еті; 100 гр қатты ірімшік; сүйексіз зәйтүн; майонез; 1 дана қияр; 2 дана қызанақ.
Дайындау тәсілі: Тауық етін тұз қосылған суға қайнатып аламыз да, майдалап тураймыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Ал зәйтүнді сақина тәріздес етіп турап аламыз. Барлығын майонезге араластырып жалпақ тәрелкеге қарбыздың кесілген бөлігіндей етіп (өзіңіз қалаған мөлшерде) саламыз. Соңынан безендіру үшін ірімшік пен зәйтүннен азғантай алып қаламыз. Енді қиярды ұсақтап ұзынша етіп, ал қызанақты майдалап төртбұрыштап тураймыз. Тәрелкедегі дайын қоспаның бетін қарбыз тіліміндей етіп, қиярды, ірімшікті, қызанақты салып, зәйтүнді екі бөлікке бөліп, қызанақтың үстіне қойып, суреттегідей сәндейміз.
Ас дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ