Қамқорлық

26bet_f27Ержан тілалғыш, алғыр бала. Ол өзге балалар сияқты доп соңынан жүгіргенді жөн көрмейді. Керісінше, әрбір уақытты пайдалы іске жұмсайды. Егер үйіне бара қалсаң, Ержанның қолынан шыққан дүниелерді көріп қызығасың, әрі таңданасың. Оның үйі біздің үйге жақын. Бірде кітабын беру үшін Ержанның үйіне бардым. Ержан әдеттегідей өзінің ұстаханасында жұмыс жасап жүр екен. Жанына барып, не жасап жатқанын сұрап едім, ол: «Міне, күз келді. Құстар көк аспанның төсінде қалықтап, жылы жақтарға да бет ала бастады. Ал кейбір құстар қысты осында өткізеді. Олар қыста жем іздеп қиналады. Мен құстарға арнап жемсалғыш жасап жатырмын», — деді.  Мен құстарға деген қамқорлығына сүйсіндім.
Айгүл НҰРАҚБАЕВА.
ОҚО, Мақтаарал ауданы.

Суретті салған: Бидолла МАҒЗАМ.ШҚО,  Жарма ауданы, Сұлусары ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ