Қалша Қыдыр
Ерте кезде көп қолды бастаған Қалша Қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жылғы жорығында сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып, бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір аққу ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарады. Айдын көлдің жағасына апарып, жарасын емдеп жазады. Кейін бұл аққу асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр батыр «аққуға» үйленеді. Екеуінің некесінен қазақ халқының арғы атасы қазақ туады. Қазақтың үш ұлы – Бекарыс, Ақарыс, Жанарыстан қазақ халқын құраған үш жүздің ұрпағы тарайды.
Ел аузынан жинаған:
Гүлдана ДЕМЕУҒАЛИЕВА.
Ақжайық ауданы, Харькин ауылы.