Қаламгер қарлығаштар

12bet_f11Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 6 қазақ орта мектебінде көп жылдардан бері журналист-ұстаз Мұрат Төлебаевтің ұйымдастыруымен «Қарлығаш» дарынды балалар клубы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы аталған мектеп ұжымы арнайы шақырып, менімен кездесу өткізді. Мен жазған өлеңдерімді оқыдым. Ұстаздар мен шәкірттер қойған сұрақтарға жауап бердім. Кезек балаларға келді. Әр қилы сыныпта оқитын балалар өз жазғандарын ортаға салды. Тыңдаушылардың көңілін нәзік жыр толқыны әлдиледі.
— Талаптарың тасып, қанаттарың қатая берсін, — деп мен оларға батамды бердім.
Сонымен қоса мен «Аягөз қарлығаштары» деген айдармен жарық көрген № 4 кітапты өзіммен бірге балалардың сүйікті журналы «Мөлдір бұлаққа» ала келген едім. Кітаптағы балауса жырлар журналда жарық көрсе, менің мақсатымның орындалғаны. Және ол жырларды өзге аудан, облыс оқырмандары оқыса, тіптен жақсы болар еді.
Мыңбай РӘШ, ақын.

ПІКІР ЖАЗУ