«Ханшайым» торты
Құрамы: 300 мл су; 210 гр ұн; 150 гр сары май; 4 дана жұмыртқа; жарты шәй қасық тұз;
Кремі үшін: қант пудрасы; қойытылған сүт (сгущенка); 33 пайыздық қаймақ; 20 пайыздық қаймақ; 50 гр шоколад;
Дайындау әдісі: Алдымен суды отқа қойып жылытамыз. Сары майды саламыз. Аздап тұз қосып араластырамыз. Май еріп, су қайнаған кезде оттың астын баяулатамыз. Ұнды салып, қоюланғанша араластырамыз. Ұнның арасында іртік қалмау үшін біркелкі араластыруымыз керек. Қайнатпалы қамыр дайын болғанда басқа ыдысқа аударып, тез сууы үшін миксермен араластырамыз. Жұмыртқаны бір-бірлеп салып, тағы да миксерлеп аламыз. Енді қамырды арнайы кондитерлік қаптамаға салып аламыз да, пештің қалыбына ұзынша етіп сығып, печенье тәрізді етіп құйып шығамыз. 200 градуста қыздырылған пешке 10 минутқа пісіріп аламыз. Кейін арасы жақсы пісуі үшін пештің градусын азайтып, тағы 10-15 минутқа қою керек. Кремі үшін қаймаққа 2 ас қасық қант ұнтағын, 2 ас қасық қаймақ, 3-4 қасық қойылтылған сүт (сгущенка) қосып барлығын миксермен қоймалжың қалыпқа келгенше араластырамыз. Дөңгелек пішінді қалыпты алып, қамырымызды кремге араластыра отырып, бәрін ретімен орналастырып шығамыз. Қалған кремді торттың бетіне жағамыз. Дайын болған тортты 20 минутқа тоңазытқышқа қоямыз. Безендіру үшін шоколадты ерітіп немесе ұсақ көзді үккіштен өткізіп бетіне себуге болады. Тортымыз дайын!
Асыңыз дәмді болсын!