Халық қастерлейтін «Хамза» мектебі
Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан «Хамза» атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп оңтүстік оңіріне аты машһұр оқу орыны. Мыңдаған, он мыңдаған өзбек ұлтының балалары түлеп ұшып әлемнің әр шалғайына қанат қаққан киелі орда.
Бай тарихқа ие болған осы киелі білім ордасы – мыңдаған шәкірттерге білім ұясы болып келуде. Білім ордасы – ұлы ғұламалар, зиялылар, жұмысшы мен өнерпаздар білім алған құтты мекен. Адам үшін нан қандай қадірлі болса, мектеп те, оны ұйымдастырып, негізін салған ұйымдастырушы да, онда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін әрбір ұстаз да аса қадірлі. Мектептің негізін қалаушы С.Миржалилов. Ол өз заманының озық ойлы азаматы, мықты ұйымдастырушысы болған. Өте ақылды, жүрегі таза, жомарт болып, ескіше де, жаңаша да сауатты болатын. С.Миржалилов 1914 жылы Түркістанда екінші (бірінші зауыт Юно есімді еврей байдікі болатын) зауыт ашты. Сол кездері Саиднасырбай 30 жаста еді. Сондай-ақ Саиднасырбай ауласының бір шетінен мектеп ашқан. Мектепке Орынбор, Қазан жағынан Шакиржан деген татар мұғалімді отбасымен көшіріп әкеліп, жұмыс берген. Николай патша Орта Азияның мұсылман халықтары үшін мектеп ашуға рұқсат бермеген. Алайда қалада орыс мектебі болатын, мұнда қызыл әскерлердің балалары оқитын. Кейбір жергілікті отбасылар ұл-қыздарын осы мектепке оқытатын. Мектеп үлкен бір бөлмелі болып, онда ұзын-ұзын парталар қойылған. Осы бөлмеден ішке қарай, мұғалімнің бөлмесіне кіретін есік болыпты. Егерде патшаның өкілдері тексеру жүргізсе, мұғалімге хабар беретін және мұғалім әйелі Абыстаймен ішкі бөлмесіне кіріп жасырынатын.
Мектепте үлкен шапанды, басына сәлде ораған, қолында үзын шыбығы бар бір өзбек халпа (оқытушы) да болатын. Оны көрген адам мектепті ескі мектеп деп ойлайтын. Мектепте ана тілі, есеп, география, тарих сабақтары оқытылатын, бүкіл оқулықтар татар тілінде сабақ алатын. Оқулықтар Қазан және Орынбордан әкелінетін. Байлардың балалары оқу үшін ақша төлейтін, соның есебінен Саиднасыр 17 мұғалімнің жалақысын беріп отырған. Шакир ұстаз өте білімді, ақылды, жарқын жүзді, сабырлы кісі болыпты.
Төңкерістен соң 1918 жылы мектеп жасырын оқытудан, біржолата ашық, еркін оқытуға көшеді. Енді бұрыштағы сыныптардан сырттағы үлкен терезелері көп көркем бөлмелі ғимаратқа ауысады. Түркістанның көптеген асыл зиялылары осы бірінші мектепте білім алған. Ұлт жанашыры, ағартушы тұлға Саиднасыр Миржалилов көне Түркістанда осындай білім ошағының іргетасын қалаған.
Мектеп мектеп болғалы бұл мәртебелі жерде қаншама мұғалім еңбек етті. Олардың барлығы туралы мәлімет сақталмаса да, бірінші ұстаздар туралы айта аламыз. Мектепте алғашқылардан болып, 30-40 оқушыға Зуфар Бадилов, Ахмед Инагамов, Мажид Ашрапов секілді ұстаздар сабақ береді. Оқушылар мен оқытушылар сол кездегі талапқа, саясатқа сай жұмыс жүргізеді. 1924 жылы ресми түрде мектепке М.И.Калинин есімі берілді. Ол кездері оқу түркі жазуында жүргізілетін, араб әліпбиінде жазылған жаңаша оқулықтар қолданылатын. «Ана тілі», «Сыйлық», «Үлгі», «Есеп» сияқты кітаптар болатын еді.
1920-1930 жылдары білім алған дарынды оқушылардың көбі кейіннен ғалым, мемлекет қайраткері болды.1929 жылға дейін бастауыш мектеп ретінде ұл-қыздарға бастауыш білім берді. 1930 жылы «жеті жылдық» мектепке айналдырылды. Оқушылар саны көбейді.1931-1932 жылдан қыздар да Калинин мектебіне көшіріліп, ұлдар мен қыздар бірге оқи бастады. 1934-1935 жылдан толық орта білім беретін мектеп болды.
Отан тарихында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысы, 1941 жылдың маусым айындағы қайғы қасірет мектеп ұжымын да айналып өтпеді.
Енді ғана жүйеге түсе бастаған ағартушылар да қолдарына құрал алып Отан қорғауға аттанды. Мектептің жоғары сынып оқушылары да соғысқа аттанып, мектептің атын елге танытты.
Мектеп түлектерінен 3 Кеңес одағының батыры.
1. Расул Исетов
2. Курбанбай Рысбеков
3. Файзулла Йулдашов
Екі социалистік еңбек ері
1. Майшай Абенова
2. Эргаш Изатуллаев
24 ауған соғыс ардагерлері
Көптеген жазушы, ақындар, академик профессорлар-дың шыққан ұясы. Олардың саны саны 24 болған.
Өнер саласындағы танымалы тұлғалар 9.
Ел қызметіндегі еңбегі сіңген тұлғалар 8.
Ғылым, білім қызметкерлері 8.
Оқу орынын бітірген ақ халатты абзал жандар 42 адам екен.
Спорт саласы
1. Мамаш Умарович – халықаралық дәрежедегі төреші. 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен олимпиадада төрешілік еткен.
2. Абдусаттаров Рахим – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Бір мектептен екі полковник
1. Мухамеджанов Олимжон
2. Азимов Фозил
Мектепті Алтын белгіге бітірген түлектеріміздің саны 126 болыпты.
Осы кезге дейін мектеп тарихында 12 директор басшылық қызметін атқарған екен. Дийметова Дильбар Абдуразаковна 2020 жылдан бастап қазіргі күнге дейін мектепте директор қызметін атқарып келеді.
Жанкүйер ағартушы, іскер басшы
Дийметова Дильбар Абдуразаковна 1972 жыл 16 қарашада Түркістан қаласында туған.
1979 жыл Түркістан қаласындағы С.М.Киров (қазіргі Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп) мектебінің 1-сыныбына оқуға барып, 1989 жылы «Күміс белгі» мен аяқтаған.
1989 жылы Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Гүлістан қаласындағы Гүлістан Мемлекеттік университетіне «Өзбек тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы бітірді.
2013 жылы Қазақстан инженерлі-педа-гогикалық халықтар Достығы университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оны 2015 жылы бітірді.
1994 жылы қаламыздағы Ш.Ниязов мектебіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қабылданды.
1995 жылы Хамза мектебіне «Өзбек тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты.
2009 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары, 2014 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде жұмыс жасаған.
2020 жыл 9 желтоқсаннан бастап Хамза мектебінің директоры болып қызмет атқаруда.
Марапаттары:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» төсбелгісі. Түркістан қаласы 2017 жыл №48.
2. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі. №167, 25 қыркүйек 2017ж.
3. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі, №021, 27 ақпан 2019жыл.
4. Қазақстандағы өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлерін, ұлтаралық татулығын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Дўстлик» медалі, №214, 2021ж.
5. «Білім беру саласындағы озаты» төсбелгісі, 2020 ж.
6. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі, 20 сәуір 2021ж.
7. Республикалық «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, 03 наурыз 2023ж. Куәлік №2164
8. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі, 2023 ж.
Одан өзге тағыда 40 қа жуық марапаттың иегері. Оның ішінде «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы», «Құттықтау», арнайы төсбелгісі секілді марапаттар бар. Отыз жылдық қызметінде қоғам алдында беделді, ұстаздар алдында қадірлі, шәкірттер алдында сыйлы болып келе жатқан таңдаулы ұстаз, іскер басшы.
Юлдашева Гүльбахар Абидуллаевна озат шәкірт-терімен бірге. Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Хамза» атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің үз-дік ұстазы. 1984-жылы Өзбекстан Республикасы Низами атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтқа түсіп, 1989-жылы бітірген. Содан бері табан аудармай аталған мектепте қызмет етіп келеді. Мектептегі белсенді қызметі мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің қабылдауында (21.12.2023ж) болып, арнайы төс белгімен марапатталды. «Білім беру ісінің үздігі», Ассамблеяның «Өнегелі азамат», онан өзге «Қоғам жанкүйері», «Достық», «Еңбек ардагері», «Алғыс хат», Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет дипломы» қатарлы көптеген медальдер мен марапаттарға ие болған. Мектептегі қабілетті, тажрибелі, өнегелі, беделді мұғалімдердің бірі.
Түркістан облысы, Хамза атындағы
№2 жалпы білім беретін мектеп