Гїл ќала 2015
Оқушыларыммен бірге «Ару қала — Алматы» шаһарына саяхат жасап, қайттық. Сапарымызды Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың саябағынан бастадық. Балалар жыл сайын ата-аналарымен қалаға қыдырып келсе де, бұл саябаққа кіріп көрмегендерін айтып, əдемі, əсем жерлерін аралап, Елбасының ескерткішінің алдында суретке түсіп таң-тамаша болып жатты.
Одан шыға бере жолымыз «Көктөбе» баурайына бағыт алдық. Балалар жоғарыдан төмен қарап Алматы қаласының көрінісінің шынымен де алақандағыдай екендігіне көз жеткізіп, мəз болысып жатты. Зообақты аралап, алтыбақан тепті. Бұдан ары жолымыз «Медеу» мұз айдыны, мен «Шымбұлақ» шатқалына қарай жалғасты. Сапарымызды «Орталық мұражайда» аяқтап, ауылға қайттық. Сол мұражайда өтіп жатқан «Боямасыз Үндістан» көрмесін тамашалады. Қастек орта мектебінің ұстазы Лəззат апаймен жазғы демалыстың бір күнін осылай өткіздік.
ҚАЗТАЕВА Ғалия Мырзаханқызы, мұғалім,
Сұраншы батыр атындағы ОМ, Алматы облысы, Жамбыл ауданы.