Ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай!

ҚазМҰУ-ін бітірген соң, курстастарым Бауыржан Омаров, Талғат Батырханов, Әнуарбек Әуелбеков қазіргі «Жас Алаш» газетінде қызмет атқарды. Бір басқосуда «Ертай Айғалиев» мықты журналист дегенді естіп қалдым. 1998 жылы құрбым Нұржамал Байсақаловамен бірге «Жалын» баспасының жанында бір кісімен сәлемдестік.
— Ертай Айғалиев аға ғой, — деді.
— Иә, — дедім ағайды бұрыннан білетін адамға ұқсап.
Ертай аға «Қазақстан-ZAMAN» газетіне бас редактор болып келгенде, мен «Мөлдір бұлақ» журналын басқарып отырдым. Содан бері он жылға жуық бір шаңырақтың астында бір атаның балаларындай тату-тәтті қызмет атқарып келе жатырмыз. Уақыт деген зымыран деген, Ер-ағамыз да ердің жасы 60-қа келіп қалды.
Ер-аға! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай. Отбасыңызға амандық тілейміз. Шығармашылық шабытыңыз шарықтай бергей. Аллатағала зайыбыңыз Шарамен бала-шағаңыздың қызығын көруді нәсіп еткей деп тілейміз.
Құрметпен,
«Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы.

ПІКІР ЖАЗУ