Ғарышкермен кездесу немесе, орындалған арман

1111-001Басқа балаларды білмеймін, өзім ғарышкерді көруге қатты асықтым. Мен айтып отырған ғарышкер ағамыз, Тоқтар Әубәкіровтен кейін космосқа барып  қайтқан Талғат Мұсабаев. Аға Қарғалыдағы біздің №1 орта мектептің түлегі болғаны мені тіпті қызықтырып жіберді. Ғарышкерді көрсем, қасында отырсам деп армандағаным соншалық, оның фотосуреттерін тауып алдым. Аталған уақытта Талғат ағамыз мектепке келді. Бәріміз гүлмен қарсы алдық. Өте қарапайым адам екен. Қасында әйелі бар. Қазақтың тұңғыш ғарышкерінің бірін құрметтеп, төрге отырғыздық. Ағамыз: «Қарғалы-алтын бесігім!», — деп мектептегі балалық сәттері туралы айтып берді.
Мен де болашақта осы ағадай болып, халқыма адал қызмет етемін деп түйдім. Кездесу соңында мектептің алдында ескерткіш суретке түстік. Қалай екенін өзім де байқамай қалдым. Түскен суретті шығарғанда, Талғат Амангелдіұлына өте жақын тұрып қалыппын.(Тек басым ғана көрініп тұр). Ортамызды апай бөліп тұр. Неше күн  ұйқысыз өткізген арманымның орындалғаны үшін бақыттымын. Сол шексіз қуанышымды сүйікті журналым «Мөлдір бұлаққа» айтып-жеткізуге асықтым.
Досбол Атажан.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ