Ғарышкер аға

«Оқуға кұштар» жобасы аясында «Ғарышкерлер күніне» арнап оқыған кітабым бойынша ойыммен бөлісуді ойлап отырмын.
Тоқтар Әубакіров бала күнінен ғарышкер болуды армандайтын. Мектеп бітіріп Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне түсіп, сосын Мәскеудегі ұшқыш – сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген.
Тоқтар ағамыз — қазақ халқының тұңғыш ғарышкері. Алғаш болып «Тбилиси» крейсерінің палубасынан МиГ – 29 жойғышын ұшырып, қайта қондырды. Оның осы ерлігі гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді. Сол жайлы біз 2 — сыныпта «Әдебиеттік оқу» оқулығынан оқығанбыз.
Сонымен қатар, ол бірінші рет қазақ ғалымдарының тәжірибе барысында ғарышқа арнап жасаған тағамдарын ет, айран, ірімшікті қолданып көрді. 2003 — жылы Алматыдағы молекулярлы биология және биохимия институты картоптың жаңа сұрыбын ойлап табады. Ғарышқа жіберілген дән өсіп шыққан соң, Тоқтар аға дәнді жерге алып келеді. Осылайша «Тоқтар» атты картоптың жаңа сұрыбы пайда болды. Ол жайлы мен журналдан оқыдым. Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі кітаптармен танысып, өзіме көптеген мәлімет алдым.
Тоқтар Әубакіров өте қайсар, ержүрек, біліміне ақылы сай адам. Мен осындай ағаларымызды үлгі тұтам.

Серік Аягөз, Май ауданы,
Көктөбе ЖОББ мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ