Есімімді көрсем…
Ата-анам мектептегі жиналыстан келіп, «Саған «Мөлдір бұлақ» журналын жаздырып бердік. Апайыңнан алып тұрасың», — деді. Бұл мені айтарлықтай елең еткізе қоймады. Қысқы демалыстан келгенімізде ұстазымыз:
— Балалар, мынау сендердің «Мөлдір бұлақ» журналдарың. Асықпай оқыңдар. Өздеріңе қажетті көп дүние бар. Салған суреттеріңді, шығармаларыңды журналдың мекенжайына, электронды поштасына жіберсеңдер, есімдеріңді көресіңдер, — деп таратып берді.
2-сыныпта оқимыз. Журнал бәрімізге ұнады. “Мөлдір бұлаққа” жазылған оқушылар шығармаларымызды жібердік. Мен де есімім жазылған шығармамды көремін деп сенемін.
Диана ҚАСПАЙ,
Ақтөбе қаласы.