Ертедегі шаш қою

8bet_f41Тұлым. Баланың (ұл, қыздың) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбіне қыз балаға қойылады, ол – сәбиге лайықты ғұрып.
Кекіл. Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл жылқыда да болады.
Айдар. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған. «Айдар» деген ат та осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

Ажар ДЕМЕУБАЕВА. Батыс Қазақстан облысы.

ПІКІР ЖАЗУ