Ер-тоқым

5bet_f18Қазақ халқының ертеден келе жатқан қол-өнерінің бірі — ат әбзелдерін жасау. Оның жиынтығы — ер-тұрман. Ер-тұрманға — жүген, ер, оған қосымша керекті жабдықтар жатады. Ердің бірнеше түрі бар. Түріне қарап былайша аталады: Қазақы ер, қоқан ер, құранды ер, жас балаға арналған ашамай, қазықбас ер, күмістелген әйел ері,  ақбас ер, ырыс ері. Қосымша жабдықтары дегеніміз, ноқта-жүген, тоқым, айыл-тартпа, таралғы, құйысқан, үзеңгі, тебінгі, тұсау,шідер, өмілдірік, қамшы, шылбыр-тізгін, қанжыға. 5bet_f23Ат әбзелдерінің жасалу әдістері бар. Айталық, жасалу үлгісіне қарай ер үш түрге бөлінеді —  «Арғын ері», «Найман ері», «Мұрын ер».
Ерді былғарымен қаптап, өрнек-теп, бедер салып, күмістеп, сүйектеп,асыл тастар салып әше-кейлейді. Күмістен өрнектелген ерді «күміс ер» дейді.
Қамшының  түрлері: дүре қамшы, дырау қамшы, бәйге қамшы, көкпар қамшы.

Айтаңсық  Қадірбек. Қарағанды облысы, Жарық бекеті.

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ