Ер есімі — ел есінде

Бір күні ұстазымыз бізді сыныбымызбен мек-тебіміздегі мұражайға апарды. Сол мұражайды аралап жүріп, ауылдан соғысқа қатысқан ата, әжелерімді көрдім. Олардың ерлігін мақтан ете отырып қолыма қалам алдым. Ауылымыздың мақтанышы болған Досжанов Данияр әке туралы анамнан көп сұрадым. Ол — Қызылорда қаласы Айнакөл ауылында 1920 жылы қаңтардың бірінде дүниеге келген. 1936 жылы № 5 қазақ мектебінде оқыған, САГУ физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1938 жылы бітіріп шыққан. Фашистермен соғысқан ерліктері үшін орден, медальдармен марапатталған. 1941 жылы соғыста жараланып, емделген. Неміс тілін жетік меңгерген. 1942 жылы «Отан үшін алға» атты ұранға өз үлесін қосып, шайқасқа қосылған. 1945 жылдың маусымында отанымызды әскерлер фашистерден азат етті. Данияр атамыз 1946 жылы елге жеңіспен оралды. Бізге бейбіт өмір сыйлаған ата-ағаларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Жүрегімнен шыққан мына өлең шумақтарын сіздердің ерліктеріңізге арнаймын.
…Ұмтылды сұм соғысқа Отан үшін,
Әлия, Мәншүк сынды жауынгерлер.
Елімді жау қолына бермейміз деп,
Қиылды қыршынынан қаншама ер.
Ерлігі мәңгі өшпейді батырлардың,
Қорғаған елімізді бар күшімен.
Жауларды қуып шықты жерімізден,
Сыйлады бейбітшілік елімізге.

Нұрай
Арыстанбек,
4 “А”сынып оқушысы,
№39 «Қызылөзек»
орта мектебі
Қызылорда облысы.

ПІКІР ЖАЗУ