Еншісі бөлінбеген бауырлар

4bet_f55Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырмалдық қарым-қатынас күннен-күнге нығая түсуде. Елімізде ғылым, білім, өндіріс саласы дамып, онда екі елдің жас мамандары тәжірибе алмаса жұмыс істеуде. Республикада дарынды балалардың қанатын қатайтып, білім айдынында құлашын кең сермеуіне жол ашқан 25-тен астам қазақ-түрік лицейлері мен Тараз экономика колледжінде қаншама жас өрен білім алуда. 3000-нан астам түрік фирмалары отандық өндірісті дамытуға үлесін қосып келеді.

Түркия Республикасының президенті
Абдулла Гүл “Нұрорда” қазақ-түрік лицейінде.Алматыда С.Демирел атындағы, Түркістанда Қ.А.Яссауи атындағы,
Шет тілдер және іскерлік карьера халықаралық университеттері еліміздің тарихы, мәдениеті, саяси-экономикасы аясында тер төгетін болашақ ғалымдар даярлауда.
4bet_f61Түркістандағы Қ.А.Яссауи халықаралық университетінің макеті.

Түркия Президенті Абдулла Гүлдің мамыр айындағы Қазақстанға сапары киелі Түркістандағы университеттен басталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл, түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы халықаралық мәртебеге ие болған алғашқы оқу орнында студенттер және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті. Елбасы мен Түркия Президенті «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени мұражай қорығында болды. Екі ел президенттерінің қатысуымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаңа оқу корпусының іргетасы қаланды.
Астанада Түркияның Қазақстандағы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Тәшенов көшесінің бойында орналасқан елшілік ғимараты бұл елдің басқа елдердегі елшіліктері ғимараттарының ішіндегі аумағы 13 гектарды алып жатқан ең үлкені болып табылады.
(«МБ» — ақпарат).

ПІКІР ЖАЗУ