Елордада «KITAPHANA FEST — 2024» кітап фистивалі өтті

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» — 2024 ауқымды кітап фестивалі өтті. Аталған іс-шара 5 шілде күні Қаламгерлер аллеясында ұйымдастырылды.

«KITAPHANA FEST» кітап фестивалі 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілгенді. Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру.
Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылды. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысты. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болды. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Гауһар Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ