Елбасы: Балаларды кенже дамыған спорт түрлеріне тарту керек
Назарбаев балаларды, әсіресе, кенже дамыған спорт түрлеріне тарту жайын сөз етті. «Әсіресе, біздің қазақтың балалары қатыспайтынына көңіл толмайды, шыны керек. Жеңіл атлетикада өте аз. Мына суда малтуда, гимнастикада чемпиондар өте аз. Бізде қайсысы мықты? Жұдырықпен соғу, бокс, күресуге ғана мықтымыз. Баяғыдан ата-бабамыздың кәсібі. Балалардың барлығын спортқа баулу керек», – дейді Елбасы.