Ел патриотын тәрбиелеу – міндет
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық мықты мемлекеттің және жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың негізі болып табылады. Негізгі ұғымдарды қалыптастыру, тактика мен технологияны үйрету, қажет болған жағдайда өзіңді қорғау мүмкіндігі — бағдарламаның негізі. Әскери іс негіздерін түсінуге жаңа бағдарламаға сәйкес өмір қауіпсіздігі мен ІТ негіздері, әскери Робототехника негіздері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын зерделеу қосылды.
Наурыз айының соңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана қаласының әкімдігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп нұсқаушы-әдістемелік семинар өткізді. Жиынға бастапқы әскери-технологиялық дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Семинарда әскери-технологиялық дайындықтың оқытушы мұғалімдерін даярлаудағы бірыңғай көзқарас, оқушылар мен студенттерді біркелкі оқыту мәселелері талқыланып, осы саладағы ынтымақтастық жолдары белгіленді.
Семинарға Астана қаласындағы мектептер мен колледждерден 118 мұғалім, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің және білім беру ұйымдарының өкілдері баяндама жасады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні — білім алушыларды отаншылдық рухында және Отанды қорғауға дайындыққа тәрбиелеуге бағытталған пән. Пәннің мақсаты — білім алушыларға мемлекет қорғанысының негіздері туралы, Республика Қарулы Күштерін тағайындау туралы білім, түсінік қалыптастыру. Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы және міндеті ретінде әскери қызметке саналы қарауға тәрбиелеу.
Мектеп оқушылары аталған пәнмен өте қызығушылықпен айналысады. Еліміздің мектептері патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, балалардың шығармашылығын іске асыру, көшбасшылық қасиеттерін анықтау үшін барлық жағдай жасайды, материалдық базасын жетілдіреді. Жыл сайын әскери-патриоттық дайындық бойынша жарыстар ұйымдастырылып, балалар теориялық және практикалық білімдерін көрсетеді. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘжТД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде.
Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу. Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау үшін АӘжТД пәні мұғалім-ұйымдастырушыларына үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт. Осы жағдайды ескере отырып, әрбір әскери дайындық сабағының 3-5 минуты саяси хабарлама берумен басталуы тәжірибеге негізілуде. ҚК қатарына даярлау үшін мектептегі барлық оқу-материалдық элементтері түгел болуын да қадағалаған абзал. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін- бірі толықтырып тұрады.
Дене шынықтыру сабақтарын саптық дайындықсыз өткізу мүмкін емес, себебі ол гимнастиканың негізі болып табылады. Ол өз негізінде өмірдің қауіпсіздік негіздері пәнімен қосыла, болашақ бастауыш әскери дайындық пәнінің негізін қалайды. Ал, АӘжТД пәні жастарды болашақ Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене тәрбиесіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан бастап париотизмге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу – мектептің негізгі міндеті.
Жыл сайын мектептерде БӘД пәнін бастау жайлы бұйрық жүйелі түрде беріледі, осы бұйрықта аудандық әскери комиссариаттың ұсынысымен: Дене шынықтыру сабақтарындағы саптық пәндер ҚР Әскери жарлықтарының талаптарына сай берілсін, — деген сөздер айғақтайды, яғни саптық пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі оқушылар санасына жас кезінен енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды қатар алып жүру мұғалім үшін үлкен парыз. Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі: Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi; әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару- жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы; қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы; төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк 7 әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау; оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру; оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау. Алғашқы әскери және техникалық дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘжТД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болады.
Әділет Қабиденұлы,
Мөлдір бұлақ