Денсаулық – зор байлық

Адам үшін ең маңызды нәрсенің бірі – денсаулық. Денсаулықтың мықты болуы көп жағдайда өзімізге байланысты. Денсаулықты күтіп,баптаған жағдайда біз түрлі ауруларға шалдықпаймыз. Денсаулықты сақтаудың қарапайым әрі оңай түрілері – күнделікті жуынып, спортпен шұғылдану, жеке бас гигиенасын,тазалықты сақтау. Сонымен қатар иммунитетті күшейту керек. Иммунитетті күшейту үшін ең алдымен дұрыс тамақтанған жөн. Жеміс-жидек,көкөністерді, сүт, ет тағамдарын қолдану керек. Сонымен қоса ауруларға қарсы вакцина алуда денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Аурулардың алдын алу шараларын жасап жүрсек ешқандай аурумен ауырмаймыз. Әсіресе осы кезде, яғни пандемия өршіп тұрғанда денсаулықты сақтаған жөн. Қазірде аурулар өршіп тұрған кезде адам өз денсаулығына мән бергені жөн. Егерде адам өз денсаулығына немқұрайлы қарайтын болса ауруға шалдығады, аурудан шығудың жолдарын қарамаған жағдайда ауру өршіп кетуі мүмкін. Біріншіден, ауру асқынса өз денсаулығымызға зиян келеді, екіншіден, жақындарымыздың денсаулығына да зиян тигізеді. Сондықтан әр адам өз денсаулығына қарап, жақындарына жанашыр болған жөн.

Фариза ІЗБАСАРОВА, Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы,
Еңбекту мектебінің 8-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ