Демалысым тамаша өтті

26bet_f36Мен жазғы демалысымды Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Алакөлде өткіздім. Маған Алакөл қатты ұнады. Шынында да көлдің беті толқынданып, алабұртып жатады екен. Табиғаттың тамашасына таң қаласың. Көлдің маңында кешке қарай маса өте көп болады екен, шаққан жері кəдімгідей жара болып қалады. Көлге түсіп шыққан соң жаңағы жарадан еш белгі қалмайды. Суы жұмсақ, емдік қасиеті мол. Көл қазір үлкен демалыс орнына айналған.
Алакөл туралы көптеген аңыздар, əңгімелер естідім. Соның бірінде Шыңғысхан өзінің жараланған əскерлерін Алакөлдің суымен емдеген дейді. Қазіргі таңда да кейбір тері ауруларына шипа болып, өз көмегін беріп жатқан сияқты. Мен жол бойында көптеген қалаларды, зəулім үйлерді, жазық дала мен таулы аймақтарды көріп, тамашаладым.
Ғалым ТӨКЕШ,
«Ғалым» Қазақ Ұлттық гимназиясы.

ПІКІР ЖАЗУ