Дәулетбек Байтұрсынұлымен керемет кездесу өтті

24 ақпан күні Алматы қаласы, Әуезов ауданында орналасқан 119 мектеп-лицейінде «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын, ҚЖО-ның мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлымен керемет кездесу өтті. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Өскелең ұрпақ-елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. «Мөлдір бұлақ» журналын ақылшы дос санайтын 119 мектеп-лицей оқушыларының өнер мен білімге деген ынталары тәнті етті.