Дәрумендер туралы

Дәрумендер дегеніміз — биологиялық жоғары пәрменді органиқалық заттар. Дәрумендер энергия көзі емес және пластикалық материалдар қатарына да жатпайды, дегенмен ағзаның қалыпты тіршілігі үшін маңызы зор, химиялық құрамы әр түрлі зат тобы. Қан айналу жолына түскен дәрумендер ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерге қатысады, олар қоректік зат алмасу процесіне қатысып, ағзаның жақсы өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ағзада дәрумендер өте аз болғанда, мал авитаминоз ауруына шалдығады, ал дәрумендер жетіспеген жағдайда пайда болатын қоректік заттардың алмасу процесінің бұзылуын гиповитаминоз деп атайды. Дәрумендер ағзада жетіспеуі салдарынан жас малдың өсуі тежеледі, азықты өніммен өтеуі нашарлайды және бұл өзгерістердің көпшілігі қалпына келмейді. Көптеген дәрумендердің химиялық құрамы қазіргі таңда белгілі. Медицина және микробиологиялық өнеркөсіптер малды азықтандыруға қажет дәрумен топтарын шығарады. Дәрумендер ерігіштік қасиеттеріне қарай майда және суда еритін дәрумендер болып екі үлкен топқа бөлінеді: майда еритін дәрумендер тобына А, Д, Е, К, ал суда еритін дәрумендер қатарына В комплексіндегі дәрумендер және С дәрумені жатады.

ПІКІР ЖАЗУ