Дара шың (Мұқағали Мақатаевқа арнау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хан Тәңірдің мұзбалағы атанған,

Айналайын Мұқағали атамнан.

Жарты ғасыр жасамай-ақ ақыным,

Мәңгі өлмейтін өлең-жырын қалдырған.

 

Жазғаныңды оқып бүгін түгендеп,

Өлең жырын тыңдаймын деп елеңдеп.

Әрбір қазақ құмартады жырыңа,

Ұрпағыңды қойғандайсың өлеңіңмен көгендеп.

 

“Райымбек” бабамызды жыр еткен,

Батырлығын, даналығын сөз еткен.

Поэмасын сахнаға шығарып,

Мұқағали үніменен тербеткен.

 

Бағаңды бере алмаған кезінде,

Зәру боп жүр бүгін қазақ өзіңе.

Өз сөзімен айтсам егер ақынның,

Шаң басқан архифтерден іздеуде.

 

Тәңірдің өзі берген саған баға,

Тас мүсінді орнатыпты бір жотаға.

Туған жерге келгенді қарсы аласың,

Мұқағали ақыным кең далада,

 

Мен жырыңды оқысам шабыттанам,

Қуат алып жырыңнан қалықтаған.

“Хан тәңірдің мұзбалағы” қолдайтындай,

Ақындықтың отын бір жонып қалам.

 

“Аққулар ұйықтағанда” поэмасы,

Оқиды оны қызығып кәрі-жасы.

“Үш бақытым” Халқым, Тілім, Отаным деп,

Жырлаған Мұқағали ел данасы.

 

Алматының төрінде,

Еске алып бүгінде.

Өлеңдерің шалқыр әлі,

Қазағымның мәңгі көгінде.

 

Жұмагелді Тоқтарбек

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылы, Қаратұрық орта мектебінің 6-шы сынып оқушысы 

ПІКІР ЖАЗУ