Cюжетті өлеңдер

Мыңбай РӘШ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Сюжет, яғни шығармадағы іс-әрекет, оқиға желісінің дамуы. Белгілі бір сюжетке құрылып жазылған шығарма (мейлі өлең не проза жанрында әрқашан тартымды болуға тиіс). Оқырмандарды қызықтырып, оқиға мазмұнымен келісті суреттеліп жазылуы тиіс. Ал, журналға жолданған шығармалардың дені жалпылама, қарадүрсін әрі көркеми жазылмағандықтан талаптан шықпай жатады. Соңғы кезде келіп түскен хаттардың көбі мектебіне, ата-анасына, тәуелсіздікке, туған жерге, жыл мезгіліне, не белгілі бір тұлғаларға арналып жазылыпты. Мәселен; ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылынан жазған Мөлдір Күнтуған, Алматы облысындағы, Сарқант ауданы, Көкөзек орта мектебінің 4-сынып оқушылары (бір топ) — Әбілғазы, Әбілбек, Әбілтай тағы басқалар (хатты жіберген Мәриямжан Дәулет) көктем тақырыбын жырға қосады. Көктемнің келісті бейнесін келістіре жаза алмаған. «Сай-сайдан, қорадан, сайраған-жайнаған» секілді арзан ұйқастар көп-ақ. Сюжетке құрылып жазылған (Маңғыстау облысы, Форт Шевченко қаласы) Бағдат Рахманның «Жаралы аққу» деген жыры оқырманды мейрімді болуға шақырады. Аққу секілді киелі құсқа оқ атуға әсте болмайды деп уағыздайды. Бұл өлең сонысымен құнды. Осы өлеңді журналға жариялап отырмыз. Оқып көрерсіңдер.

ПІКІР ЖАЗУ