Cатып алғаныңызға өкінетін ойыншықтар

Баланы жаңа ойыншықтар сатып алып беріп, еркелетуге болады. Ең бастысы, бұл ойыншықтар оның денсаулығына кері әсер бермеуі, сіздің жүйкеңізге тимеуі қажет. Баланың өтінішін жерге қалдырмай, ойыншық сатып алып берген соң кейбір ата-аналар өкініп, одан кейін ол ойыншықты көргісі, естігісі келмей, көрінбейтін қалтарыстарға тығуға асығады. Осының алдын алу үшін арнайы мамандар зиянды ойыншықтардың тізімін жасаған. Төменде соны беріп отырмыз.

1. Қатты дыбыс шығаратын ойыншықтар. Бұған қатты, жағымсыз дыбыстар шығаратын ойыншық қарулар мен
қобдишалар жатады. Балалар ол әуендер мен дыбыстарды қайталап ести беруден жалықпайтынын ұмытпаңыз. Бұл ойыншықтарды бала құлағына жақын апарса, есту жүйесін зақымдауы мүмкін. Көршілеріңіз де мұндай дыбыстарға қарсылық көрсетіп, сізге жиі ескерту жасайтыны сөзсіз.
2. Арнайы коллекция-лық, немесе бүтіннің бөл-
шегі болатын ойыншық-тар. Мұндай ойыншықтың біреуін сатып алған соң, балаңыз сізден жетпей тұрған бөліктерді де сатып алып беруді талап етеді.
3. Өте кішкентай ойыншықтар. Біріншіден, оларды көрмей, басып кетеміз. Екіншіден, бұл ойыншықтарды балалар ауыздарына салып жүріп, жұтып қоюлары мүмкін. Бұл топқа бірнеше кішкене бөлшектерден тұратын құрастырғыш ойыншықтар да енеді.
4. Түрлі қарулардың ойыншық көшірмелері. Тіпті өткір емес ойыншық пышақ, қылыш, түрлі оқтармен атылатын тапаншалар мен мылтықтар сіздің баланың немесе онымен ойнаған басқа баланың денсаулығына өте қауіпті.
5. Бала өздігінен ойнай алмайтын дөңгелекті ойыншықтар. Бұл топқа самокат, велосипед, ойыншық көліктер жатады. Балаңыз бұл ойыншықтарды өздігінен айдап үйренетін уақытқа жеткенше, алмауды ескертеміз. Әйтпесе, оны сүйретіп, итеріп, ұстап жүріп, қадағалаудан, құлағанда пайда болатын жараларын таңудан жалығасыз.
6. 100 беттен асатын, әріптері кішкентай кітаптар. Мұндай кітаптарды сатып аларда балаңызға осы кітап шынында да қызық па, тағы бір саралаңыз. Ол кітапты оқимын деп ұл-қызыңыздың көру қабілеті нашарлауы мүмкін. Ал, балаларыңыз кітапты оқи алмайтындай кішкене болса, сіз үнемі оқып беруіңізге тура келеді.
7. Ойыншықты қалай пайдалану керектігін үйрететін қағазы бір беттен асатын бұйымдар. Ол ойыншықтың қалай жұмыс істейтінің әуелі өзіңіз оқып, зерттеп, оны балаңызға түсіндіру де төзімділік пен сабырыңызға сын.

(Баспасөз материалдары
негізінде әзірленді.)

ПІКІР ЖАЗУ