Біздің көшенің батыры

Батыр елі үшін туады,

Елі үшін өледі!

(халық мақалы)

Батыр —  әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық  жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан. Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар.

Алайда, мен бүгінгі шығармамда аты аңызға айналып, тарихта есімі қалмаса да, біз үшін мақтаныш, әрі дара тұлға, өз көшеміздегі батыр Мамытқан ата жайлы қалам тербетпекпін. Ол кісі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Сұрапыл соғыста көптеген қиыншылықтарды басынан кешірген. Мамытқан ата бізге осы дүниенің жарығын көрсету үшін, жанқиярлық танытып жаудың бетін қайтарған.Соғыстан аман-есен келіп, ұл-қыздарының, немерелерінің қызығын көрді. Мамытқан ата бізге көптеген қуаныш, құт-береке сыйлады. Тірі кезінде ол көшеміздің тазалығы мен тұрғындардың татулығына аса мән беріп, ақыл кеңесін беріп отыратын. Біз әрқашан да ол кісіні мақтан етеміз. Себебі, ол өз халқы үшін жанын беруге де дайын батыр ардагер болатын. Өкініштісі, қазіргі заманда Мамытқан ата сияқты ұлтын сүйген, жері үшін, елі үшін жанын пида еткен аталарамыздың саны азайып бара жатыр. Бұл кісі туралы көптеген адамдар біле бермейді. Дегенмен, мен сенемін, біздің көшенің батыры – Мамытқан атаның есімі әлі-ақ тарихта алтын әріптермен жазылады. Ол өз балалары, немерелері, шөберелеріне, тіпті, ауылы мен көшесінің барлық адамдарына бойындағы бар күш-жігері мен мейірімін төгіп кетті. Мамытқан атаның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Халқымыздың батырлар жайлы айтқан тамаша мақалымен бастаған шығармамды мына бір тамаша өлең шумақтарымен аяқтағанды жөн көрдім:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.Жеңіс туы әрқашан да жалтылдап,
Жығылмастан  мәңгілікке тұрады.
Сол туменен бірге өскен аршындап,

Батырлардың біз боламыз ұланы!..

Мәтілбайұлы Абай

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ