Біз де бәйгеге қатыстық
Түркістан қаласынан келген мына хатты оқығанда,тебіренбеу мүмкін емес. Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының 2- «а» оқушыларының барлығы дерлік «Мөлдір бұлақты» жаздырып алады екен. Олар өткен жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығана арнап: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы» атты сурет көрмесіне қатысыпты. Оған үйірме жетекшісі Бақытгүл Таласбаева көп көмектесіпті.