БІРЛІК — КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Бәрімізге белгілі, биыл қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігімізге отыз жыл толады. Жыл аяғына дейін республика көлемінде ұйымдастырылатын үлкенді-кішілі сан алуан саяси-әлеуметтік, мәдени шаралардың барлығы да осы бір Тәуелсіздік деген ұлағатты да ұлы ұғымның мәртебесін биікке көтеріп, ұрпақ санасына берік орнықтыруға үлесін қосса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Еліміздегі әртүрлі қоғамдық-саяси ұйымдар мен мемлекеттік мекеме, кәсіпорындардың барлығы да осынау жауапты міндеттің биік деңгейінен көрінсе екен дейміз. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясына да жүктелер міндет пен артылар сенімнің жүгі аса ауқымды екені баршамызға аян.

 


Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жыл басындағы санында жария-лаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында: «Бізді қай заман-да да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтыма-ғы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылыққа айналдыра алғанымыз анық. Көптеген шетелдік сарапшылардың елімізге қатысты «Еуразиядағы шырпы тисе, лап еткелі тұрған қурай», «failed state» сияқты болжамдарын жоққа шығардық. Бұл жолда тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы тиімді жұмыс атқар-ды. Ешкімді ұлтына қарап бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлем-ді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол», – деп жазды.
Иә, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтап, ұлтаралық ынтымағымызды нығайтқан да осы бірлігіміз екенін бүгінде бәріміз жақсы білеміз. Тәуелсіздігіміздің отыз жылы ішінде бірлігі жарасқан ел, достық пен ынтымаққа арқа сүйенген мемлекет ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алғанымыз төрткүл дүние мойын-даған шындық.
Зер салып бағамдар болсақ, бірліктің де, ынтымақ пен татулықтың да негізінде адам мен адамның бір-біріне деген сүйіс-пеншілігі мен сыйластығы жатқан жоқ па! Соңғы жылдары елімізде атап өтіле бастаған Алғыс айту күні де осынау баға жетпес асыл қазынамыз – татулығымызды нығайтуға, барды бағалап, бақытымызды тани білуге жол ашты. Бірлігімізді бе-кемдеуге айтарлықтай септігін тигізе бастағаны ақиқат.
Ол Қазақстан Республикасының Тұң-ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы бес жылдығына берген бағасында:

«…Мұндай тағдыр жер бетіндегі халықтардың бәрінің маңдайына жазыла бермейді, қысқа ғана уақыт аралығында осыншама күрделі міндеттерді шешу де кез келген халықтың қолынан келмейді. Өзіміздің қуатты мемлекеттігімізді құра отырып, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтап қалу – ХХІ ғасырдың табалдырығындағы біздің міндетімізді осылай тұжырып айтуға болар еді»,

– деген болатын. Бүгінде сан алуан күрделі міндеттерді халқымыздың ауызбіршілігі мен татулығының арқасында шешіп, мемлекет басшыларының сарабдал шешімдері негізінде саяси тұрақтылығымызды сақтап отырғанымыз баршаға аян.
Жоғарыда сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты әйгілі мақаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керектігін айта келіп, «Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бе-кем болады» деп, тұжырған еді. Бүгінгі күндері бүкіл халқымыз ынтымағы мен бірлігі жараса, бір біріне ақ жарма Алғыс ай-туы ежелден келе жатқан баға жетпес құндылықтарымыздың ажырамас бөлшегі екені рас. Халқын ортақ жеңістер мен бе-рекелі игіліктерге бастайтын кез келген азаматтық қоғамның басты мақсаты ел іргесінің шайқалмауы, ел-жұрт сенімінің сетінемеуі. Осы жолда өтке-німізді дұрыс бағалап, тари-хымыздан сабақ алып, нұрлы болашаққа қарышты қадам жасау әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Мұндай қадам бүгінгідей бейбіт күнге жеткізген тағдырымызға, мем-лекетті құраушы қазақ халқына Алғыс айтудан басталып, іргемізді нығайта түсуге деген нық қадам деп білеміз.
Қазақ ұлтында:
«– Ырыс, қайда барасың? – десе, ол:
– Ынтымағы жарасқан елге барамын!» – деген аталы сөз бар. Байлығы тасыған, ырысы шалқыған елге айналу үшін, бізге мызғымайтын берік ынтымақ керек.

Закиржан Пирмухамедұлы Кузиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

ПІКІР ЖАЗУ