Білімге құштар балғындар
— Бүгінде балалармен жұмыс істеу оңай емес. Өйткені, олар бала-бақшадан, шағын орталықтан келеді. Жасыратыны жоқ, қазір бесіктегі баладан бастап әсіресе, ұялы телефонға жақын. Теледидарға көп уақытын бөледі. Бірінші сыныпқа келгенде, олардың назарын білімге аудару қиындау болады.
Міне, осы тұста ұстаздың шеберлігі өте маңызды. Шәкірттерін өзіне баурап алып, әріп үйретіп, оқытуда қызықты етіп баурап алса, баланың ойы жан-жаққа шашырамай, оқуға ден қояды, — дейді Арайлым Жұмабай тәжірибесімен бөлісіп.
Арайлым пікірін мұғалім Шолпан Смағұлова да құптады.
Талғар қаласы.
4 «Д» сыныбы мен А. ЖҰМАБАЙ.