Би өнеріне талпынғандар

Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №15 гимназия жас жеткіншектерді рухани құндылықтар негізінде білім мен өнерді насихаттап отырған ұжым. Гимназиянының директоры Оспанбек Бұлбұл Рысбекқызы:
— Әрбір жас жеткіншек ертеңгі еліміздің болашағы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген шәкірт тарихын, мәдениетін, өнері мен ұлттық құндылығын біліп өсуі қажет, — деп мектептегі үйірмелердің жұмысына үлкен қолдау көрсетіп, іс- тәжірибелеріне жоғары бағасын беріп отырады.
Қазақ халқының дәстүрлі билерін насихаттаушы және оқушыларды би өнерінің қыр-сырына баулыған өнегелі ұстаз әрі «Шолпан жұлдыздары» би үйірмесінің жетекшісі – Есентаева Шолпан Өмірбекқызының ерен еңбегін атап өтуге болады. Өнерлі қыздардан құралған бұл топ Халықаралық «Ғұмырдария» ұйымдастырған «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән мен жеке аспапта орындаушылардың VI Республикалық ән-би байқауының «Би» жанрынан жеңімпазы атанып, ұстаздар мен ата-аналар мерейін көтерді.
Талабы таудай, қабілет-қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп,адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін үлкен абырой.
Жанна МОЛДАҚҰЛОВА, ата-ана.

ПІКІР ЖАЗУ